Иран

  • Jashak salt dome

Context of Иран

Иран Ислам Республикасы (парсы: جمهوری اسلامی ایران‎ — Джомхури-йе Эслɒми-йе Ирɒн), қысқартылған Иран (парсы: ایران[ʔiˈɾɒn]), (1935 жылға дейін Парсы елі) — Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 1,648 млн. км². Халқы 84,9 млн. адам. Халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%), әзірбайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түрікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы — Тегеран қ. (айналасын қосқанда 12 млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн.), Исфаһан (1 млн.), Тебриз (852 мың), Шираз (800 мың) сияқты ірі қалалар бар. Ресми тілі — парсы тілі. Мемлекеттік діні — ислам дінінің шиит тармағы. Иран — діни мемлекет. Елдегі саяси және діни билік аятолла Сейд Әли Хаменеидің қолында. Президент (1997 жылдан бастап Сейд Мохаммед Хатами) 4 жылға сайланады және Министр Кабинетін басқарады. Жоғарғы заң шығарушы орган — бір палата...Ары-қарай оқу

Иран Ислам Республикасы (парсы: جمهوری اسلامی ایران‎ — Джомхури-йе Эслɒми-йе Ирɒн), қысқартылған Иран (парсы: ایران[ʔiˈɾɒn]), (1935 жылға дейін Парсы елі) — Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 1,648 млн. км². Халқы 84,9 млн. адам. Халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%), әзірбайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түрікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы — Тегеран қ. (айналасын қосқанда 12 млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн.), Исфаһан (1 млн.), Тебриз (852 мың), Шираз (800 мың) сияқты ірі қалалар бар. Ресми тілі — парсы тілі. Мемлекеттік діні — ислам дінінің шиит тармағы. Иран — діни мемлекет. Елдегі саяси және діни билік аятолла Сейд Әли Хаменеидің қолында. Президент (1997 жылдан бастап Сейд Мохаммед Хатами) 4 жылға сайланады және Министр Кабинетін басқарады. Жоғарғы заң шығарушы орган — бір палаталы парламент — Ислам кеңесі жиналысы (меджлис) 4 жыл сайын сайланып отыратын 290 депутаттан тұрады. 1981 жылғы конституциясы бойынша, елде саяси және діни емес ұйымдарға тыйым салынған. Ұлттық мейрамы 11 ақпан — Революция күні (1979). Ұлттық ақша бірлігі — риал.

Map